“Ақтөбедегі” жұлдыздар шеруі – Халктың орнын Хамес Родригес немесе Шакири басуы мүмкін

Бүгін, 17:27

Ақтөбе облысында нағыз жұлдызды дүбір жалғасуда. Нани мен Пьяничтің келуі туралы келіссөздерден кейін, “Ақтөбе” клубының шорт-листіне тағы екі әлемдік есім енді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбедегі” жұлдыздар шеруі – Халктың орнын Хамес Родригес немесе Шакири басуы мүмкін

Халктың талабы және “Б жоспары”

Инсайды от Карпа дереккөзінің хабарлауынша, Бразилиялық Халкпен келіссөздер тығырыққа тірелген. Себебі — шабуылшының жылына 4 миллион еуро көлемінде жалақы сұрауы. Клуб бұл соманы тым жоғары деп тауып, балама нұсқаларды қарастыруда. Олар — Колумбия футболының мақтанышы Хамес Родригес пен Швейцариялық Джердан Шакири.

Джердан Шакири: Швейцариялық рекордшы

34 жастағы Шакири соңғы 1,5 жылды туған клубы “Базельде” өткізіп, гол+пас жүйесі бойынша фантастикалық 27+34 көрсеткішіне қол жеткізді.

“Бавария” сапында 3 рет Бундеслиганы, “Ливерпульмен” Чемпиондар лигасын және Премьер лиганы бағындырған.

Швейцария сапында 125 матч өткізіп, 4 Әлем чемпионаты мен 3 Еуропа біріншілігінде гол соққан жалғыз ойыншылардың бірі.

Хамес Родригес: Әлем чемпионаты арманы

“Реал Мадрид” пен “Баварияның”бұрынғы жұлдызы Хамес Родригес қазіргі таңда еркін агент атануға жақын. 2025 жылы мексикалық “Леонмен” келісімшартты ұзартудан бас тартқан ол, 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін тұрақты ойын практикасын іздеп жүр.

Хамес 2014 жылғы Әлем чемпионатының үздік сұрмергені, 2024 жылғы Америка Кубогының үздік ойыншысы. 

“Порту”, “Монако”, “Реал Мадрид”, “Эвертон” сияқты алпауыт клубтарда ойнаған халықаралық деңгейдегі шебер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×