Киевтің "Динамосын" жаттықтырған маман Александр Шовковский Қазақстандық "Ақтөбе" тізгінін ұстаудан үзілді-кесілді бас тартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы инсайдер Дмитрий Пасечник өзінің "Инсайды от Пасечника 2.0" телеграм арнасында мәлімдеді.
Дереккөздің хабарлауынша, 50 жастағы Украиналық маманға "Ақтөбе" басшылығы ресми ұсыныс жасаған. Алайда, Шовковский бұл жобаға қызығушылық танытпай, өз еркімен бас тартқан көрінеді.
"Шовковский жақында берген сұхбатында өзіне екі клубтан ұсыныс түскенін айтқан болатын. Біздің мәліметімізге сүйенсек, сол клубтардың бірі — "Ақтөбе". Бірақ Шовковский Қазақстан чемпионатында жұмыс істеуді қаламаған."— дейді Пасечник.