«Ақтөбеге» Чехия чемпионатының жеңімпазы келуі ықтимал

Бүгін, 15:29

«Серый CARDINAL» телеграмм-арнасының мәліметіне сәйкес, «Ақтөбе» жейдесін алдағы маусымда Тарас Качараба мен Иван Ордец киюі мүмкін.

«Ақтөбеге» Чехия чемпионатының жеңімпазы келуі ықтимал
Тарас Качараба

30-дағы Качараба 2021-2022-жылдар аралығында Украина намысын қорғаған. Ал Иван Ордец 2014-2018 аралығында өз елінің ұлттық командасының сапында өнер көрсетті.

«Қос футболшы да өз елінің ұлттық құрамасына шақырту алған және донецкілік «Шахтердің» түлектері саналады. Қазір Ордец өз бетімен жаттығуда (соңғы клубы «Бохум»), алайда бізге жақын дереккөздердің растауынша, футболшы нағыз кәсіби шебер әрі өзінің бабын жоғалтуға жол бермейді. Качараба словакиялық ДАК-1904 командасының ойыншысы. Өз кезінде «Славия» сапында Чехия чемпионатын ұтқан», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.

Айта кетейік, «Ақтөбе» биылғы бірішілікті 5-орынмен аяқтап, Еурокубоксіз қалған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×