«Ақтөбеге» қажет бапкер? Литва біріншілігін 6 рет ұтып, Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шыққан Владимир Чебурин ҚПЛ-ге қажет маман

05.08.2025, 12:04

«Судува», «Жальгирис» сияқты командалармен біраз шулатқан Владимир Чебуриннің Литвадағы мансабы аяқталуға жақын.

«Ақтөбеге» қажет бапкер? Литва біріншілігін 6 рет ұтып, Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шыққан Владимир Чебурин ҚПЛ-ге қажет маман
Владимир Чебурин

Кеше вильнюстік «Жальгирис» жанүйерлері қазақстандық маманның кетуін талап етіп, сұмдық «перфоманс» ұсынды – фанаттар ойын барысында алаңға жүк сөмкесін лақтырған. Онымен қоймай ашық түрде «Чебурин, кет» деп айқайлап, наразылық білдірген болатын. Жергілікті жанкүйерлердің протестінен кейін тіпті «Жальгирис» - «Кауно Жальгирис» арасындағы кездесуді уақытша тоқтатуға тура келген. Литвалық клубтың жағдайы қазір шынымен мәз емес: «Жальгирис» ішкі чемпионатта тек 7-келеді және биыл чемпиондықтан күдер үзіп отыр. Бірінші орындағы командадан 21 ұпай қалып қойған. Бұл әрине Литва біріншілігінің топ-клубы үшін мүлде кешірілмейтін жағдай. Ал оған дейінгі 3 чемпиондық пен 2 Кубокті ешкім есіне де алған жоқ. Бәріне маңыздысы осында және қазіргі нәтиже...

Чебуриннің орынтағын Еурокубоктегі сәтсіздіктер де шайқалтып жіберді – «Жальгирис» ЧЛ 1-іріктеу кезеңінен ары аса алған жоқ. Онда өтуі тиіс қарсыласынан есе жіберді - мальталық «Хамрун Спартанстан» пенальти сериясында ұтылып, масқара болды (2:0, 0:2 пен: 10:11). Конференциялар лигасында да көп шыдамады – екі ойында да азулы қарсылас деуге келмейтін Солтүстік Ирландия клуб «Линфилдт» ұта алған жоқ (0:0, 0:2.)

Владимир Чебурин соңғы жағдайлардан кейін «Жальгиристен» ғана емес, жалпы Литва біріншілігінен кетуі мүмкін. Ондай жағдайда 60 жастағы маман ҚПЛ-ден еш қиналмай жұмыс таба алады деп ойлаймыз. Қазір Қазақстада біраз клубқа білікті, әсіресе, Еурокубоктік тәжірибесі бар бапкер қажет. Бұл орайда ең бірінші ойға түсетіні - «Ақтөбе». «Ақ-қызылдарға» дәл осындай деңгейдегі маман қажет. Владимир Чебурин 2022/2023 жылғы маусымда «Жальгиристі» тарихында тұңғыш рет Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығарды. «Ақтөбе» үшін нағыз іздегенге сұраған болайын деп тұр ма? Оның үстіне Вячеслав Левчуктің өзі орнын босатуды ұйғарыпты екен, украиналық маманның ақыры кетіп тынатыны анық. Бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе, маусым аяқталған соң бәрібір ақтөбеліктерге басқа жаттықтырушы іздеу керек болады. Бұл жерде әрине, Чебуриннің өзіне де көп дүние байланысты, отанына қайтып жұмыс істеуге қалай қарайды. Одан кейін «Ақтөбенің» өзінде қандай позиция болады, осы да маңызды. Тағы да алыс-жақын шетел нарығына көз сүзе ме, жоқ отандық бапкерлерге бет бұра ма? Мәселенің бәрі осында. Ал Владимир Чебуриннің кандидатурасы жақсы екеніне ешқандай күмән жоқ. Бір қазанда талай жыл қайнап, сарқылған шығар, мүмкін жаң чемпионатқа, орта ауыстыратын кезі келіп тұрған болар. Айтпақшы, Станислав Черчесов кетіп, ұлттық команданың  бас бапкерін іздегенде Чебуриннің де аты аталған еді. Литвада басы дауға қалған маман ұлттық құраманы тізгіндеуі мүмкін үміткерлер арасына тегін ілікпеген болар?             

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×