“Ақтөбемен” Қазақстан чемпионы болған экс-футболшы Пахтакор бапкері атануға жақын

26.08.2024, 21:55

42 жастағы Тимур Кападзе ташкенттік “Пахтакор” тізгінін ұстайды. 

“Ақтөбемен” Қазақстан чемпионы болған экс-футболшы Пахтакор бапкері атануға жақын

Өзбекстанның 15-дүркін чемпионы Пахтакор осы маусымда жеңімпаздар тұғырынан табыла алмай қалуы ғажап емес. Көш басындағы Насафтан 10 ұпайға қалып келе жатқан команда бапкер Максим Шацкихпен ертелі-кеш қоштасады. Ал клубтың жаңа тізгіншісі ретінде Тимур Кападзенің кандидатурасы ұсынылды. Өзбекстан чемпионаты аяқталар тұста маман Ташкент командасымен келісімге келеді деп күтілуде.

Кападзе 2019 жылдан 2021 жылға дейін Өзбекстан құрамасын баптағанын айта кетейік. 

Еске салсақ, Тимур 2013 жылы “Ақтөбемен” бірге ел чемпионы атанған болатын. Сол жылы ойыншы Премьер-лиганың үздік легонері атағына лайық деп танылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×