«Ақтөбені» кеше не "құртты?" Бәріне бас бапкер кінәлі болуы мүмкін...

01.08.2025, 11:09

Кеше бірнеше маманға қоңырау шалып, қазақстандық клубтардың Конференциялар лигасындағы мүмкіндіктері туралы пікірлерін сұраған едік.

«Ақтөбені» кеше не "құртты?" Бәріне бас бапкер кінәлі болуы мүмкін...
"Спарта" - "Ақтөбе" кездесуі

Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Ақтөбенің» сырт алаңдағы бәсекесіне қатысты ойымен бөлісіп, Вячеслав Левчук шәкірттеріне қорғаныспен қатар қарымта шабуылдарға иек артудың дұрыс болатынын тілге тиек еткен. Алайда, отандық ұжым шабуылда мардымды ештеңе көрсете алған жоқ. Прагадағы ойынның қалай аяқталғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер.   

«Тактиканы бас бапкер өзі таңдайды ғой, бірақ меніңше, «Ақтөбе» өзінің айып алаңына кіріп алмауы керек. Егер өзіне тиімді есепті сақтаймын деп ойнайтын болса, біраз проблемалар туындайды. Ойынды керісінше, қақпадан, өз айып алаңынан алыстату маңызды. Ал алаң иелеріне гол керек, сондықтан, қарсыластың бар күшін шабуылға салатыны анық. Міне, сондықтан біздің командада қарымта шабуылда мүмкіндік молынан болады. «Ақтөбе» соны пайдаланып қалуы керек. Егер Прагада бір гол соқсақ, жеңіске деген үлкен қадам болатын еді», - деген еді өз ойын түйіндеп А. Қожабергенов.

Айта кетейік, кеше тағы бір клубымыз «Астана» сырт алаңда «Зимбрудан» айласын асырып, 3-іріктеу кезеңіне аяқ басты. Ондағы қарсыласы швейцариялық «Лозанна» командасы. Командалар арасындағы бірінші бәсеке 7-тамызда Лозанна қаласында болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×