«Ақтөбенің» бас бапкері: біз бүкіл ойын барысында гол соғатын бірде-бір мүмкіндік жасай алмадық...

01.08.2025, 11:43

«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук КЛ 2-іріктеу кезеңінің қарымта кездесуін қортындылап, пікірін айтты.

«Ақтөбенің» бас бапкері: біз бүкіл ойын барысында гол соғатын бірде-бір мүмкіндік жасай алмадық...
"Спарта" - "Ақтөбе" кездесуі

Кеше қазақстандық клуб сырт алаңда «Спартадан» 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Командалар арасындағы бірінші бәсекеде «Ақтөбе» 2:1-мен басым болған. Осылайша, қос кездесу қортындысында 3-іріктеу кезеңіне чехиялық ұжым шығып отыр.  

«Біз бүкіл ойын барысында гол соғатын бірде-бір мүмкіндік жасай алмадық... «Спартаның» жеңісі әділетті. Бәсеке соңында киім ауыстыратын бөлмеде кездесуге қатысқан, қосалқы құрамнан шыққандардың барлығына алғыс айттым. Біз үшін маусымның еуропалық бөлігі осымен тәмам, енді қайтадан ұлттық біріншілікке назар аудара берсек болады. Біздің алдымызда жоғары міндеттер тұр, оларды ешкім алған жоқ. Мынау ұзақ сапардан әрі физикалық, эмоционалдық тұрғыда өте көп күш жұмсап, шаршағанымыз екі күн ішінде аздап басылады деп үміттенемін. Жігіттерге ойын үшін алғыс білдірдім», - деді В. Левчук матч соңындағы баспасөз-мәслихатында.

«Ақтөбе» биылғы Еурокубоктік жолын Еуропа лигасында бастаған. Онда қос ойын қортындысында польшалық «Легиядан» ұтылған еді 0:1, 0:1.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×