«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов ҚПЛ 21-турындағы «Тобылмен» өтетін ойын туралы айтты.
Сондай-ақ, украиналық маман Қазақстан Кубогінің маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Қазір ең бастысы - 29-қыркүйектегі Қазақстан Кубогіндегі финалдық кездесу дер едім. Жалпы біздің бес ойынымыз қалды. ҚПЛ-дегі кездесудің әрқайсысы біз үшін финал секілді болайын деп тұр. «Тобылмен» болған ойынды көрдім. Біз 3:4 есебімен ұтылдық, жақсы матч болған. Бірақ, қазір жігіттер етек-жеңдерін жинап, сақадай-сай. Сондықтан, қостанайлықтармен болатын бәсекеге тас- түйін дайындалып, есе қайтаруды ойлаймыз», - деген еді И. Леонов.
Естеріңізде болса, қыркүйектің 29 күні Қазақстан Кубогінің финалында «Ақтөбе» мен «Атырау» жолығады. Одан бұрын ақтөбелік команда премьер-лига аясындағы ойында сырт алаңда «Тобылға» қарсы тұрады. Бұл бәсеке ертең өтеді. Ел біріншілігінде «Ақтөбе» 20 турдан кейін бірінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET