«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Легияға» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісіп, қарымта кездесуге дайындаған жоспарын айтты.
Кеше ақтөбеліктер сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліс тапқан болатын.
«Жалпы, матч біз күткендей болды. Футболшылармен қорғаныстағы ойынға байланысты кейбір дүниелерді талқыладық. Біз, әрине бұл бәсекеде «қорғаныс-шабуыл» өтпелі фазасына сүйендік, жігіттер қарымта шабуылға жақсы шығып отырды. Тек сол кішкене дәлірек болғанымызда... Мойындау керек, алаң иелерінің тағы да гол соғатын мүмкіндіктері болды, алайда қақпашымыз Андрей Влад құтқарып қалды. Матчтың есебін ойынға сай деуге болады.
Екінші ойынға жоспар? Ол туралы тіс жармай-ақ қояйын. Ойлаған дүниелерім бар. Осы ойында байқадым. Оларды бір аптадан кейін Ақтөбеде өздеріңіз де көресіздер деп ойлаймын», - деді В. Левчук баспасөз-мәслихатында.
Командалар 17-шілдеде Ақтөбеде кездеседі.