«Ақтөбенің» футболшысы Ресей премьер-лигасына ауысады

29.10.2024, 09:40

«Ақтөбенің» шабуылшысы Идрис Умаев Ресейге қайтып оралмақ.

«Ақтөбенің» футболшысы Ресей премьер-лигасына ауысады
Идрис Умаев

Футболшы мен клубтың келісімшарты осы қыста аяқталады және оны ұзарту жөнінде ешқандай келіссөз жүрмейтін көрінеді. 25-жасар шабуылшы маусым соңында еркін агент болады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, Умаевқа қазірдің өзінде Ресей премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылы танытуда. 

Естеріңізде болса, жылдың басында Идрис Умаевтың Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық команданың жейдесін киетіні жайлы айтылған еді. Футболшының барлық құжаттары реттелді делінген. Алайда, бұл шаруа соңына дейін жеткен жоқ. Айта кетейік, Умаевтың әкесі Қарағандының тумасы. 

Биылғы ҚПЛ-де шабуылшы 6 доп салып, 5 ассист берді. Сондай-ақ, Конференциялар Лигасының іріктеуінде бір рет мергендік танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×