Бүгін Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында "Ақтөбе" сырт алаңда "Сараевомен" жолығады. Қос команданың бірінші бәсекесі босниялық клубтың жеңісімен аяқталды (0:1). Жауапты ойын алдында қазақстандық ұжымның капитаны Леонел Струмия пікірімен бөліскен болатын.
"Біріншіден, біз алдыңғы ойындағы қателігімізді білеміз. Ал осы кездесуге дайындалуға бір апта уақытымыз болды. Бұл бәсекенің клуб үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан ұтуға бар күшімізді саламыз. Біз дайынбыз", - деді Л. Струмия.
Айта кетейік,"Сараево" - "Ақтөбе" кездесуі бүгін сағат 23:50-де басталады. Сондай-ақ, бүгін “Тобыл” Еуропа Лигасындағы өзінің ойынын өткізеді. Бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінің ысқырығы кешкі 20:00-де шалынады. “Тобыл” мен “Ружомберок” командаларының бірінші бәсекесінде алаң иелері 5:2 есебімен басым түскен болатын. Қостанайлықтар келесі кезеңге өту үшін жауапсыз 4 гол салуы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET