«Ақтөбенің» қарсыласы «Спарта» жаңа маусымды сәтсіз бастады

20.07.2025, 08:49

Чехия чемпионатының бірінші турындағы кездесуде прагалық «Спарта» сырт алаңда «Яблонецпен» тең түсті.

«Ақтөбенің» қарсыласы «Спарта» жаңа маусымды сәтсіз бастады

«Спарта» матчта фаворит саналса да, есепті алаң иелері ашты. 23-минутта Ламин Яво көзге түсті. Алайда қонақтар сапынан 59-минутта Ян Кухта жауап голын соғып, прагалық клубқа бір ұпай алып келді.

Айта кетейік, «Спарта» - Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбенің» қарсыласы. Қос команда арасындағы алғашқы ойын 24 шілдеде Ақтөбеде өтсе, қарымта кездесу 31 шілдеде Прагада жоспарланған.

Еске сала кетейік, «Ақтөбе» өз еурокубоктық маусымын Еуропа лигасынан бастағанымен, бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» клубынан екі матчтың қорытындысы бойынша (0:2) жеңіліп, Конференциялар лигасына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×