"Ақтөбе" трансферлік нарықта тағы бір шулы мәмілеге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Львовтың "Карпаты" командасында өнер көрсетіп жүрген Испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварес Гарсия ақтөбелік ұжымның сапына қосылуға жақын.
Родридің досы және Испандық мектеп
Пабло Альварес тек шеберлігімен ғана емес, футбол әлеміндегі тығыз байланыстарымен де танымал. Ол "Манчестер Ситидің" жұлдызы әрі "Алтын доп" иегері Родримен жақын дос. Сонымен қатар, Альварестің Испанияның жоғары деңгейлі клубтарында тәжірибесі мол.
Мансабының басында Хихондық "Спортинг” сапында шыңдалған ол кейіннен "Алавес” пен "Вильярреал" сияқты танымал ұжымдарда ойнаған.
Dop телеграм арнасының мәліметінше, "Ақтөбе" мен футболшы арасындағы негізгі келісімдер жасалып қойған. Қазіргі уақытта екі клуб трансфердің соңғы талаптарын талқылауда.