Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.
Егер «Ақтөбе» екінші раундта Чехияның мықты клубы «Спартаны» жеңе алса, үшінші кезеңде Арменияның «Арарат» немесе Румынияның «Университатя» Клуж командалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл ойындар 7 және 14 тамыз күндеріне жоспарланған.
Еске салсақ, «Ақтөбе» еурокубок маусымын Еуропа лигасында бастаған еді. Алайда бірінші кезеңде Польшаның «Легия» командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Соның нәтижесінде команда Конференция лигасының екінші раундына өтті.
Чехияның «Спартасына» қарсы алғашқы матч 24 шілдеде Ақтөбеде өтсе, қарымта кездесу 31 шілдеде Прагада өтпек.