Оралхан Өміртаев «Ақтөбедегі» алғашқы әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының форварды су жаңа ұжымының мақсат-міндеттерімен» бөліскен болатын.
«Маған хабарласып, «Ақтөбе» намысын қорғауды ұсынған, бірден келісімімді бердім. Бұл Қазақстандағы мықты клубтың бірі және мен жаңа биіктерді командамен бірге бағындырғым келді. «Ақтөбе» алдына тек ең биік мақсаттар қоятын ұжым. Биыл ел біріншілігінде топ жарып, еурокубок бәсекелерінде жемісті ойын көрсетуді көздейміз», - деді шабуылшы.
Айта кетейік, 26-жастағы шабуылшы өткен маусымды борисовтік клубпен аяқтады. «БАТЭ» жейдесіндегі 14 ойында 6 рет мергендік танытқан. Ал чемпионаттың басындағы ұжымы «Слуцкте» 13 кездесуде 4 гол салған еді.
О. Өміртаев сондай-ақ, Қазақстанның «Шахтер», «Тобыл», «Атырау» мен «Ақжайық» секілді бірқатар командаларында доп тепкен болатын.
Біздің серіктес: FONBET