«Ақтөбенің» жақсы нәтиже көрсетуіне не кедергі? Еурокубоктерде «сәтсіздік синдромына» шалдыққан ба?

Бүгін, 10:55

«Ақтөбенің» бұрынғы футболшысы Тимур Кападзе «ақ-қызылдардың» Еурокубоктердегі сәтсіздігінің себептері жайлы пікірін айтты.

«Ақтөбенің» жақсы нәтиже көрсетуіне не кедергі? Еурокубоктерде «сәтсіздік синдромына» шалдыққан ба?
"Ақтөбе" ФК футболшылары

Қазіргі күні бапкерлікте жүрген маман ақтөбелік ұжымға жетіспейтін факторларға тоқталды.

“Ұзақмерзімді нәтиже тұрғысынан алғанда «сәтсіздік» деген ұғымға сенбеймін. Әрине, жекелеген матчтарда жолың болмауы мүмкін: гол кірмей, футболшылардың ойыны жүрмей қалуы мүмкін. Бірақ жүйелі түрде алып қарасақ, бәрі дайындық деңгейіне, тәжірибеге және клубтың тұрақтылығына келіп тіреледі. Еурокубоктарда ойнау үшін мықты команда болу аз. Себебі, бұл турнир жоғары деңгейде ойнау мәдениетін талап етеді. Ал ол бір күнде қалыптаспайды, керісінше жылдар бойы жиналған тәжірибемен ғана келеді”, – деді өзбекстандық маман «1bol.kz» сайтына берген сұхбатында.

«Ақтөбе» былтыр Қазақстан премьер-лигасын 5-орынмен аяқтап, Еурокубоктерден шет қалды.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×