Лига Кубогының 3-турында оралдық команда “Қызылжардан” 2:0 есебімен басым түсті.
Ойындағы “Ақжайықтың” алғашқы голын 13 минутта жас шабуылшы Шыңғыс Кубашев соқты. Бірінші тайм аяқталуына 5 минут қалғанда “Қызылжар” ойыншысы Жақсыбаев өз қақпасын нысанаға алды. Петропавлдық команда матч соңында 1 гол соғуға ғана шамасы жетті. Өзбекстан біріншілігінен ауысып келген Сенин Себаи гол авторы атанып, қорытынды есепті 2:1 жеткізді.
Жеңіліс тапқан “Қызылжар” плей-офф кезеңіне өтетін мүмкіндіктен құр қалды. Алда Али Алиев командасын “Ақтөбеге” қарсы Премьер-лиганың қиын ойыны күтіп тұр.
Ал “Ақжайық” болса, Бірінші лиганың 17-туры аясында “Таразды” қонақ қылады.
Біздің серіктес: FONBET