"Аль-Садд" Хавиге қатысты ресми мәлімдеме жасады

11.01.2020, 21:27
"Аль-Садд" Хавиге қатысты ресми мәлімдеме жасады

"Аль-Садд" ФК атқарушы директоры Турки Али-Али бас бапкер Хави төңіргендегі соңғы мәліметтерге қатысты ресми мәлімдеме жасады. Айта кетейік, қазір Хави "Барселона" тізгінін ұстауы мүмкін екендігін БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр.

-"Хави және оның көмекшілері ертеңгі "Аль-Райянмен" болатын кездесуге дайындалып жатыр. Сонымен қатар, біз "Барселона" сынды белді ұжымның мұндай жайттарды ресми жағдайда талқылайтынына сенеміз. Бұл жерде кәсібилікті ұмытпаған абзал. Хавидің "Барселонаға" оралуы уақыттың еншісіндегі жағдай. Себебі, бұл оның өскен ортасы, туған үйі. Болашақта өз үйіне оралатынына күмәнім жоқ. Бірақ ол қазір "Аль-Саддтың" бас бапкері",-дейді атқарушы директор.

Естеріңізге сала кетейік, Хави бапкерлік қызметке 2019 жылдың мамырында кіріскен-ді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×