Ала допқа әркімнің- ақ бар таласы

05.10.2013, 18:41
Ала допқа әркімнің- ақ бар таласы
Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жандар жетерлік. Солардың бірі студенттер. Университет қабырғасында басқа салада оқып жүрсе де арманының бейнесінде футбол тұрары сөзсіз. Тіпті доп теуіп, қызығы басылмай жүргендер де бар. Тамаша ойнай білетіндерде табылады. Ендеше неге сол өрендерге көңіл бөлмеске. Осыны ескеріп Еуразия ұлттық университетінде факультет аралық футбол біріншілігі ұйымдастырыпты. «Е-Лига» деп аталатын бұл біріншілікте 16 команда өнер көрсетеді екен. Бір қызығы біріншілікті тек студенттер ұйымдастырған. Демеушілердің қолдауынсыз өтіп жатсада катысушылардың қызығушылығы ерекше. Толық мәлімет алу үшін Е-Лига менеджері Ерік Чинчалиновпен сұқпаттасқан едім. Ерік, ең біріншіден Е-Лига туралы жалпы мағұлмат бере кетсең. Қалай және қай жылы құрылды ? Е лига 2010 жылы құрылды. Әуелде әрине, команда аз болды. 6 команда болып ойнадық. Менде ойнадым. Кейін, өте келе командалар көбейе бастады. Қызығушылық арты. Сосын жыл сайын факультет аралық біріншілік өткізіп тұруды ұйғардық. Біріншілікке ат қою кезінде көп ойландық. Ақылдаса келе Еуразия Ұлттық Университетіңің(ЕҰУ) алғашқы әріпін алдық. Осылай Е-Лига деп аталды. 02Mk_1chlYs Жалпы бұл лиганы құрудағы мақсат қандай? Алға қойған міндеті бар ма? Ең біріншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Және студенттердің футболға қызығушылығын ояту, одан әрі жалғастыру. Жыл сайын Универсияда өтетіні бәріңізге белгілі. Соған іріктелген ЕҰУ командасын шығаруғада көмегі зор бұл лиганың. Студент болам дегенше олар доп теуіп «футболшы болам, еліме үлесімді қосам» деген арман болуы мүмкін. Сосын студент болғанда жалғастырам деген ойда тұрады. Қалаға келгесін сондай ауыл балаларын ешбір клуб алмайды. Әңгімелері: «сен қартайып» кеттің дейді. Тіпті ойынына да мән беріп қарамайды. Осыдан қаншама қазақ футболшылары темекінің ізіне түсіп кетіп немесе ойнамай қалып жатады. Білім қуып келседе футболды тастап кетуге болмайды. Футбол- өмірдің қызығы екені баршамызға аян. Мысалы, Е-Лигада бұрын жергілікті футбол клубының(Шахёр, Тобыл, Ертіс, Ордабасы т.б) жасөспірімдер құрамында ойнаған студенттер бар. Студент бола жүріп осы спортын жалғастыруына да мүмкіндік туғыздық бір жағынан. Тек демеушілері болмады демесеңіз біріншілік аяқ алысы жаман емес. Бірақ Әсем- ай су компаниясы бізге тегін әр ойын сайын сусынын беріп отырады. Бұл да біз үшін қуаныш, жетістік, мәртебе. Алғысымыз шексіз Әсем-ай компаниясына. Осылай өзімізді өзіміз қаржыландырып отырған жайымыз бар. Міне, 15- Қыркүйектен бері 3 тур өтті. Жалпы біріншілік 2 айналымнан тұрады. 8oIG21Z4bdI Біз «лига» деген кезде талабы жоғары, жүйелі түрде болып тұратын командалық жарыс есімізге түседі. Е-Лигада қаншалықты жүйелік сақталады. Атына лайық па? Жүлдесі бар ма біріншілік жеңімпаздарына? Әрине жүйелі түрде жүреді. Командада бекітілген ойыншылар бар. Сол ойыншылар ғана ойнайды. Алаңда 7 ойыншы және қақпашы ойнайды.Егер белгілі бір себеппен команда ойнай алмаса немесе команда толық құраммен келмесе техникалық жеңіліс жазылады. Тізімде жоқ ойыншылар қатыстырылмайды. Студенттердің медециналық справкасы бар. Егер спортпен шұғылдануға, жүгіруге тиым салынса ескереміз оны да. Ойын кезінде төрешіге балағат сөздер айтып немесе төбелес шығарса, темекі шексе команададан ұпай алынады. Сонымен бірге Чемпиондар лигасындағыдай, еліміздің премер- лигасындағыдай трансферлік ауысым уақыты да бар. Егер команда құрамын жаңа ойыншылармен толықтырғысы келсе, басқа факультеттен ойыншы ауысқысы келсе трансферлік уақыттты күтуге тура келеді. Команда тек бір факультеттің ойыншыларынан құралады. Ең көп дегенде командада 2 басқа факультеттің ойыншысы болады. Және 1 басқа университеттің. Толық құрам 16 ойыншы. Ең аз дегенде 10 ойыншы болуы керек команда құралуы үшін. Бізде сонымен қатар 1- ші дивизион бар. Онда биылғы жылғы жаңа 12 команда өнер көрсетеді.Сол дивизионнан 1,2 орын алғандар Е-Лигаға келіп қосылады. Тиісінше Е- лигадан соңғы орындағы 2 команда 1- дивизионға түседі.Команданың формалары бар. ecfMOJs0Q4s Және эмблемалары бар. a-oSk054TvQ Ал енді жүлде қорына келсек қомақты деп айтамын. Жыл басында әр командадан жиналған ақшаны жүлде қорына жұмсаймыз. Кубок беріледі. Біріншілік сұммергені, үздік қақпашы, үздік ойыншы және тағы басқаларға сыйлықтар беріледі. Әр ойынды қадағалап, голдарды, тамаша соққыларды есептеп, авторларын әлеуметтік желідегі өзімздің http://vk.com/eliga2010 парақшасына жариялап отырамыз. Сонымен бірге 1- ші дивизон, Е-Лига командалары арасында ЕҰУ кубогы өтеді. Ол олимпиадалық жүйеде жүреді. Және жаңа маусым басталарда Суперкубок өтеді. Әр ойыннан кейін суреттер, видеолар, сұхбаттарды түсіріп әлеуметтік желідегі мұрағатқа сақтап қоямыз.bkPppijmfzM 1idwq8aSVlQ mRdm1FmrWsc Және әр жексенбі сайын жақсы ойнаған ойшылардан бір команда жасап, мадақтама ретінде енгізіп отырамыз. yLYpCxe6XqI Естуімше, жанкүйерлерде факультетіне қолдау білдіруге келеді дейді тіпті әр ойынға. Демек, Е-Лига қызықты. Ойынның бұлай жалығып кетпестей қызықты өтуіне не себеп? Футболдан ешкім жалықпайды. Және университет көп салалы болғандықтан мұнда оқитындарда қызығушылық басым. Әлем футболын,ел футболын көріп қана қоймай өзінің аладопқа да таласы, еншісі бар екенін ұмытпайды. Ең бастысы еңбектің, спорттың, жеңіске деген құштарлықтың барлығын өн бойында қалыптастыру керек. Футболды теледидардың сыртынан тамашалап, сол жағдайды, алаңдағы сезімді өзіне қабылдағысы келетін жандар қалай ғана бұл тамаша мүмкіндікті мүл жіберіп, жалықсын. Және жүлде алып, кім кубокты бастарынан асырғысы келмесін. Бірақ ең бастысы ақша үшін ойын емес, намысшылдық, жігерлілікті қалыптастыру. Осы қасиет ЕҰУ студенттерінің аяқдопшыларында сақталған деп ойлаймын. Үлкен футбол мектебі болмасақта шағын достық қарым-қатынастағы қызықты біріншілікпіз. Қарап отырсам , көлемді, әжеп тәуір, үлгі боларлық лига сияқты. Ойындар, қойған талаптарыңыз студенттердің сабақтарына немесе басқа жағдайына әсер етпей ме? Сабаққа мүлде зиянын келтірмейді. Ойын әр жексенбі сайын. Қайта студент үшін бұл лига тиімді. Әр демалыста жатақханада ұйықтап қалмай, сергектілікпен сабаққа ынтасы ашылады деп ойлаймын. Достармен жиі- жиі араласуна да үлкен себеп. Жапы футболды өнер деп қарау керек. Университетте өнерлі жігіттерге мүмкіндік бар. Мысалы, әнші, биші т.б. Соларды сабақтан босатады. Немесе жеңілдік жасайды. Ендеше бұлда бір керемет өнер. Ойдағыдай, тамаша лиганың өтуіне әлдененің жетіспеушіліктері байқалама? Әрине, ойнайтын алаң сапасы сын көтермейді. Қыс бойы ойын тоқтамайды. Қар үстінде де жалғасады. Оның үстіне Астана ауа- райын ескеріңіз.. Ал, енді жабық алаңда ойнау үшін Астананың залдарын жалға алу керек. Оған студенттердің қалтасы көтермейді. Және сапалы доп. Олда қаншама қаражаттты қажет етеді. Осы жағдайларды жасауда Университет аздаған көмек көрсетсе дейміз. Назарбаев университетінің осындай лигасы бар. Оған университет көлемінде көңіл бөлінген. Жаңа жабық алаң салып берген. Мысалы, биыл Ресей елінің астанасы Мәскеуде алғаш рет студенттер футбол чемпионаты басталды. Бізді көрші достарымыз шақырған еді. Соған баруға қауқарымыз жетпеді биыл. Қаржы жағынан киімге, жолға жағдай жасалса Ресейге барып додаға қатысып қайтар едік. Немесе демеушілер керек- ақ. Біздің демеушіміз әзірге тек "Әсем- ай". Алғысымыз шексіз. 7YH7p_L7tZ4 Елімізде футболға қаншама қаржы бөлініп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Студенттер футболы мүлде тыс қалып жатыр. Баланы 6 жасынан тәрбиелеу керек дейді. Солай студент футболы «кәрі» болып қала береді. Әлде сабақпен футбол қатар жүрмейді дей ме екен... Мысалы, кеше ойнаған Фарер елінен келгендерден кәсіби футболшы дейтін қағиданы көрмедік. Сонмен бірге Шахтёрмен кездіп, тамаша ойнай білген Скендербеудің капитаныда кәсіби деңгейдегі футболшы емес.Теңізші, жаттықтырушы тағы, тағы..Сөйте тұра әжептәуір доп тебе алатынына көзімізді жеткіздік. Ендеше біздіңде(студенттіңде) мүмкін болса жасыл алаңдағы тамаша ойын өрнегімізді көрсетуге құқығымыз бар. Алда қандай жоспар бар. Болашағын қалай кескіндейсіз Е-Лиганың. Тоқтап қалмайтын шығар. Әр ойынды өзім қадағалап отырам университет бітіріп кетсемде.15- Қыркүйек пен 20- Мамыр арасындағы матчтарың бәрі көз алдымда өтеді. Бұл лиганың талабын қадағалап, жүйелі жүргізетін әріптес інілерім жетерлік. Керісінше дәрежесі көтеріледі деген үміт басым. Бұйырса басқа университеттерде де осындай лига ұйымдастырып көрмекпіз. Тіпті 4 университетте бар қазіргі уақытта. Сосын Чемпиондар лигасы немесе басқа үлкен жарыстар ұйымдастыру ойда бар университет арасында. Әңгімеңізге рахмет!!! Е лига туралы, ондағы әрбір ойын нәтижелерін, суреттер, видеоларды http://vk.com/eliga2010нан біле аласыздар. Қалай дегендеде жақсы идея, алға қойған мақсат болашақ жеңісті күндерге әкелетініне сенімдіміз. Бұл лига жәй әншейін, біреулер үшін түкке тұрғысыз болсада үлгі болары сөзсіз. Футбол кәсіби деңгейде екені рас. Бірақ соған дейін жету үшін қай нәрсегеде немқұрайлықпен қарамау керек. Тіпті, «еліміздің премер- лигасына қызығушылық болмағанда Е-Лигага қайдағы көңіл бөлінуі керек»- дейтін боларсыз. Мәселе онда емес. Қазақ футболына серпіліс жасау үшін мүмкін бұл да бір ой, идея, алғышарт. Және темекіге әуес болмай студенттерді жаңаша леппен футболға ттарту. Доп домалақ деген қағида жадымызда. Әлемнің мықты футболшыларыда ет пен сүйектен жаралды. Аты шыққан командада ұтылады. Ендеше салыстырмалы түрде қарап, назар қойып, жағдай жасай білсек аладопқа әркімніңде таласы бар. Егер сіздерге студент футболы қызықты болса, әр жексенбі сайын факультет арасындағы ойынды()Е- лиганы), қызықты жаңалықтарды, фото, видеоларды сайтқа жариялайтын боламыз. Бұл кімнің болмасын футболға деген ынта, намыс, жігерін арттыра түсетіні сөзсіз.. Дайындаған: Қорқыт ЖӘЛИ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×