«Аламанның» аты озды

21.11.2011, 17:28
«Аламанның» аты озды

Күні кеше «AWARD» деп аталатын мәртебелі байқауда «Аламанның» аты озды. Жас журналистер Рауан Оқас пен Руслан Меделбек жетекшілік ететін ұжым «Ең үздік қазақ тілді сайт» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. «Аламанның» дүниеге келгеніне екі жылдай ғана уақыт болды. Алайда сол қысқа ғана мерзім аралығында ол мыңдаған жанкүйерлердің сүйікті сайтына айналды. Ол жерден спорт саласына қатысты қызықты дүниелер мен тартымды мақалаларды оқып қана қоймай, республикамыздың әр қиырындағы оқырмандармен ой бөлісуге болады. Спорт саласына қатысты өзекті мәселелер мен көкейкесті тақырыптар бойынша пікір білдірушілер қатары да күннен-күнге көбейіп келеді. Бұл ретте тек қатардағы қарапайым азаматтар ғана емес, бірқатар белгілі бапкерлер мен атақты спортшылар да осы сайтқа жиі кіретінін айта кетуге тиіспіз. Сонымен қатар «Аламан» - еліміздегі спорт тақырыбына арналған тұңғыш қазақ тілді сайт. AWARD байқауы барысында қазылар алқасы аталмыш порталдың дизайны, материалдардың мәні мен мазмұны және жеделдігін жоғары бағалап, оны бас бәйгеге лайық деп тапты. 15 қазының 11-і «Аламанның» озық екенін мойындаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×