Бахтиер Зайнутдинов 2025/26 жылғы маусымның соңына дейін қатарға қосылмауы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы клубтың медициналық департаментінің басшысы Михаил Бутовский мәлімдеді.
Зайнутдинов 2025 жылдың қазан айында ауыр жарақат алып, содан бері барлық турнирлерді қосқанда 15 матчты өткізіп алды. Тіпті, қысқы оқу-жаттығу жиындарында да командамен бірге жұмыс істей алмаған. Дәрігерлердің айтуынша, футболшыны қатарға қосу процесі күткеннен де қиын болып жатыр.
"Жағдай айтарлықтай күрделі. Бізде нақты бекітілген жоспар бар және соның аясында жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда Бахтиердің алаңға оралатын нақты мерзімін айту мүмкін емес." — деді Бутовский.
Дәрігер жанкүйерлердің үмітін толық үзбеді, бірақ жағдайдың құбылмалы екенін ескертті.
"Бахтиердің осы маусымда ойнап қалу мүмкіндігі бар, біз оны жоққа шығармаймыз. Өйткені жағдай кез келген сәтте жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін.” — деп түйіндеді маман Ria.ru сайтына берген сұхбатын.