«Алания» мен «Ақтөбе» арасындағы еуропа лигасына іріктеу сынында Владикавказда өткен ойында «Спартак» стадионында 23000 көрермен жиылыпты. Бұл еурокубоктағы қазақ клубтары үшін жаңа рекорд. Сонымен, халық көп жиылған кездесулер үштігі: 1. «Алания» — «Актөбе» 1:1. Владикавказ (Ресей). «Спартак». 23 000 көрермен. 2. «Галатасарай» — «Тобыл» 2:0. Стамбул (Түркия). «Али Сами Йен». 22 000көрермен. 3. «Вердер» — «Актөбе» 6:3. Бремен (Германия). «Везерштадион». 21 446 көрермен.