Назми Грипши қазір өтіп жатқан “Рубин” - “Краснодар” кездесуінің есебін ашты.
Премьер-Лиганың 20-тур кездесуі әуел баста Казаньдағы ауа-райының суықтығына байланысты өтпей қалу қаупі жоғары болатын. Алайда Карасев бастаған төрешілер бригадасы матчты өткізуге рұқсат алды. Әзірге бірінші тайм қорытындысы бойынша “Рубин” бұқаларды Назми Грипши соққан гол арқылы жеңіп жатыр.
Бұған дейін албаниялық жартылай қорғаушы “Динамо” Махачкалаға қарсы сәтсіз ойын көрсетті. Бірақ бүгін “Астананың” экс-ойыншысы өзің жақсы қырынан танытып жатыр.
Еске салсақ, өткен 2025 жылғы маусымды Назми “Астана” сапында өткізген болатын. 28 жастағы ойыншы елорда жейдесінде барлығы 26 ойын өткізіп, 16 гол мен 7 голдық пас беріп, Премьердің үздік сұрмергендер көшін бастады.