Алдағы ойындарда өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге тырысамыз

25.03.2011, 00:33
Алдағы ойындарда өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге тырысамыз
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мирослав Беранек "EURO-2012" чемпионатының іріктеу турнирі аясында 2011 жылғы 25 наурызда өтетін Германия мен Қазақстан кездесуінің қарсаңында команда құрамына сұрыптау жүргізгендігін мәлімдеді. 19 наурызда ел құрамасы Германияға ұшып, ойын алдындағы дайындықты сонда жалғастырмақ. 19-24 наурызға аралығында ұлттық құрама Бад-Вёрисхофен және Кайзерслаутерн қалаларында өз дайындықтарын жетілдіретін болады. Сонымен қатар М. Беранек еліміздің намысын қорғайтын футболшылардың тізімін жасақтаған. Соңғы іріктеу бойынша команда сапына жаңадан бірнеше ойыншы қосылған. «Түркиямен өткен кездесуден кейін құраманың осал тұстарын оңалту үшін біршама жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, алда ауыр матч күтіп тұр. Сондықтан шапшаң қимылды ойын көрсетіп, өз мүмкіндіктерімізді барынша көрсетуге тырысамыз», -дейді Бас бапкер. Қазақстан құрамасының құрамында қақпашылардан Давид Лория (Ертіс), Александр Мокин (Шахтер), Андрей Сидельников (Ақтөбе) бар, ал қорғаушылардан Александр Кислицын (Тобыл), Фархадбек Ирисметов (Ордабасы), Кайрат Нұрдаулетов, Михаил Рожков (екеуі де - Локомотив), Ренат Абдулин (Восток), Владислав Чернышов (Ертіс), Антон Чичулин, Юрий Логвиненко (екеуі де - Ақтөбе) сынды спортшылар еніп отыр. Сонымен қатар ұлттық құрама сапында Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Сергей Скорых (Жетісу), Казбек Гетериев (Жемчужина-Сочи, Ресей), Максим Азовский, Ұлан Қонысбаев, Дмитрий Шомко (барлығы да - Локомотив), Жамбыл Көкеев, Мақсат Байжанов (екеуі де - Шахтер), Евгений Аверченко (Ақтөбе) жартылай қорғаушылар тізіміне еніпті. Ал, шабуылшылар қатарында: Сергей Хижниченко (Шахтер), Нұрбол Жұмасқалиев (Локомотив), Сергей Остапенко (Жетісу), Сергей Лисенков (Ақтөбе) бар. Жарақат алу себебіне байланысты қорғаушлар - Самат Сымақов, Сергей Каримов, Александр Киров және жартылай қорғаушылар - Андрей Карпович, Генрих Шмидтгаль, шабуылшы Андрей Финонченко құрама сапына шақырту алмаған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×