Алехандро Гомес мансабын Испанияда жалғастырады

26.01.2021, 19:15
«Севилья» бұл ойыншы үшін небәрі 8,5 миллион еуро төлемек.
Алехандро Гомес мансабын Испанияда жалғастырады

"Аталантаның" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Алехандро Гомес жақын арада "Севилья" ойыншысы атанады. Бүгін аргентиналық футболшы испаниялық клубқа ауысу үшін медициналық тексерістен өтеді. Бұл туралы беделді журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.

"Севильяның" ойыншы үшін 8,5 миллион еуро төлейтіні белгілі болды. Футболшы 2024 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырады. Transfermarkt Гоместі 15 миллион еуроға бағалауда.

"Севилья" клубының спорттық директоры Мончи аргентиналық футболшыны көптен бері бақылап жүрген екен. Алехандро мансабын Италияда жалғастыруды ​​қалайды, бірақ "Аталанта" тікелей бәсекелестерін күшейтуді қаламайды, сондықтан Гоместі тек шетелдік клубқа сатуды ойластыруда.

Еске салайық, Гомес "Аталантаның" бас бапкері Джан-Пьеро Гасперинимен жанжалдасып қалған болатын, содан кейін 32 жастағы аргентиналық ойыншы командадан бөлек жаттығу туралы шешім қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×