Алекса Аманович соққан жалғыз гол «Тобылға» жеңіс сыйлады

28.09.2021, 01:05
Қостанайлық клуб «Астанадан» алшақтағысы келмейді.
Алекса Аманович соққан жалғыз гол «Тобылға» жеңіс сыйлады

«Атырау» Қазақстан Прембер-лигасының 22-турында «Тобылды» қабылдады. Матч Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтіп, 0:1 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 18-минутта соғылды. «ТОбылдың» македониялық қорғаушысы Алекса Амановичтің айып алаңының сыртынан жасаған жойқын соққысы қақпа торынан табылды.

Жеңіске жеткен қостанайлық ұжым 49-ұпаймен екінші орынға тұрақтады. «Атырау» 26 ұпаймен оныншы орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×