Александр Чеферин: "VAR жүйесі көңілден шықпады"

05.12.2019, 02:18
Александр Чеферин: "VAR жүйесі көңілден шықпады"

УЕФА президенті Александер Чеферин ойын кезіндегі бейне қайталау жүйесіне байланысты сын-ескертпелерін айтты деп хабарлайды Mirror.

"Мен басынан бастап VAR жүйесін пайдалануды қолдаған жоқпын. Ал қазір сол ойымның дұрыстығына көзім жетті. Меніңше, бір-екі сантиметрлік офсайдтарды елемеуге де болады. Мейлі, алаң жиегінде отырған 70-80 мың жанкүйер қаншалықты қысым көрсетсе де шешімді басқа жерде отырған адам емес, төреші қабылдауы керек. Біз халықаралық футбол ассоциациялар кеңесіне өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс дайындап жатырмыз. Дегенмен өз уақытында аталған жүйеге рұқсат бердік. Енді кері қайтар жол жоқ", -деді Чеферин.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×