«Тұранның» жаңа ойыншысы Александр Клещенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың алға қойған мақсаты мен алған әсері жайлы айтып берді.
- Келісім-шартқа қол қойған соң қандай әсердесіз?
- «Тұран» футбол клубына қосылғаныма қуаныштымын. Командаға тек пайдамды тигізіп, оның өрлеуі үшін жұмыс істеймін.
- Маусымнан не күтесіз?
- Жаңа маусым - бұл жаңа үміт. Бапкеріміз айтпақшы, алдымызда тек ең жоғары мақсат пен міндет тұр.
- Команда сізді қалай қабылдады?
- Бәрі жақсы, ақырындап ұжымға үйренісіп келемін. Көбімен бұрыннан таныспын, ал басқаларымен алаңда жолдарымыз түйіскен. Командаға бейімделу көп уақытты алмайды деп үміттенемін.
- Маусым алдында өзіңізге жеке мақсат қоясыз ба?
- Жеке мақсат қоймаймын. Бастысы - команданың нәтижесі. Қалғаны екінші кезекте.
Біздің серіктес: FONBET