«Арсеналдың» шабуылшысы Александр Ляказетт лондондық клубта қалуды жоспарлап отырған жоқ. The Athletic басылымының хабарлауынша, футболшы агентінен басқа нұсқаларды қарастыруды сұраған.
«Әрине, менің агенттерім әртүрлі нұсқаларды қарастыра бастады. Дегенмен, қаңтарға дейін бұл туралы ойламаймын - мен өз ойыныма назар аударғым келеді», - деді шабуылшы Telefoot сайтына берген сұхбатында.
Ляказетт «Арсеналда» 2017 жылдан бері ойнап келеді. Лондондық клубтың жейдесінде 135 кездесу өткізіп, 51 гол соққан. Микель Артетаның командаға келуімен Александр негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды.
Лаказеттке «Атлетико Мадрид» пен «Ювентус» клубтары қызығушылық танытуда.
Біздің серіктес: FONBET