Александр Марочкин “Астанадан” кетеді – Тәжірибелі қорғаушының жаңа клубы белгілі болды

03.12.2025, 16:30

Александр Марочкиннің "Астанадан" кететіні белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Александр Марочкин “Астанадан” кетеді – Тәжірибелі қорғаушының жаңа клубы белгілі болды

"Астана” құрамды жаңартуды жалғастырып жатыр. Бомбардир телеграм арнасының мәліметінше орталық қорғаушы Александр Марочкин командадан кетпек.

Клуб пен футболшы келісімшартты аяқтап, тараптар өзара қоштасу рәсімін жүргізуде, ол еркін агент мәртебесіне өтуге дайын.

Марочкинді өз қатарына қосуды көздеп отырған Семейлік “Елімай” клубы. Шығыс өңірінің командасы тәжірибелі қорғаушыны алуға мықтап кіріскен деген ақпарат бар. Футболшының өзі де жаңа жобада негізгі рөлге ие болуға мүдделі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×