Александр Марочкин: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

10.05.2021, 16:01
Қостанайлық клуб келесі турда «Ордабасымен» кездеседі.
Александр Марочкин: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

Қостанайлық "Тобылдың" қорғаушысы Александр Марочкин "Атыраумен" болған кездесуден кейін пікірімен бөлісті:

- Біз бүгін өте қиын матч болатынын болжаған едік. Өкінішке қарай, біз бірінші таймда көптеген мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Гол соққан жағдайда ойын сәл жеңілірек әрі біздің бақылауымызда болар ма еді, бәлкім. Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды. "Атырау" өте жақсы қорғанды, бірақ біз өз мүмкіндігімізді жүзеге асырып, қажетті үш ұпайға қол жеткізе алдық. 

Жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы үшін рахмет! Біз әрқашан олардың қолдауын сезінеміз, бұл да өте маңызды. Енді бізді Шымкент қаласына өте қиын сапар күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×