"Қайраттың" Беларусьтік қорғаушысы Александр Мартынович Ресей Премьер лигасындағы VAR жүйесінің жұмысына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі футболшының пікірінше, бейнеқайталауларға қатысты кемшіліктерді ретке келтіру қажет. РПЛ-дегі төрешілердің әр эпизодты ұзақ тексеруі ойынның екпінін бұзып, қарқынды бәсеңдетеді.
"Бейнеқайталауларға қатысты олқылықтарды түзету керек. РПЛ төрешілері эпизодтарды өте ұзақ қарайды, бұл ойын қарқынын жоғалтады. Еурокубоктарда VAR жүйесімен жұмыс Ресей футболына қарағанда әлдеқайда жылдам жүзеге асады. Ресейлік төрешілерге VAR-мен жұмыс істеу бағытында әлі де өсетін тұстар көп." — деді Мартынович Bel.football басылымына берген сұхбатында.