Александр Мартынович: “Шынымды айтсам, бұл мен үшін үлкен тосынсый”

28.09.2025, 21:50

“Қайрат” капитаны 38 жастағы Александр Мартынович Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі “Реалға” қарсы өтетін тарихи матч алдындағы ойымен бөлісті.

Александр Мартынович: “Шынымды айтсам, бұл мен үшін үлкен тосынсый”

Qsport эфирінде сұхбат берген тәжірибелі футболшы былай деді:

“Шынымды айтсам, бұл мен үшін үлкен тосынсый болды. “Қайратқа” мен футболдағы карьерамды аяқтау үшін келген жоқпын. Мен жеңіске жету үшін келдім. Бізде ел чемпионатына да, Еурокубоктарға да мақсаттар қойылды. Бәрінен өтіп, негізгі кезеңге жеттік – бұл нағыз тосынсый, бұл біздің арман! Жасым үлкен болса да, футболдан кету үшін емес, биік мақсаттар үшін келгенімді айтқым келеді.”

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×