Футболшы “Легентус” ойыншысы атанды.
2025 жылдың жаз айынан бері командасыз жүрген жартылай қорғаушы жаңа клубқа еркін агент статусында қосылды.
“Легентус” - БАӘ қайта құрылған команда. Бұл ұжым бұл уақытқа дейін Дубай-Гарденс Юнайтед атымен араб чемпионатында өнер көрсетіп келді. Алайда жаз мезгілінен бастап ұжымда ребрендинг болып, жаңадан “Легентус” командасы құрылды.
Айта кетейік, Александр шетел чемпионаттарында 200-ден астам ойын өткізген жалғыз қазақ ойыншысы. Ол кезінде “Милан”, “Уотфорд”, “Штутгарт” сынды клубтарда өнер көрсетті.
Айтпақшы, Алматы тумасы мүмкіндік туып жатса, Қазақстан құрамасы үшін алаңға шыққысы келетінін айтқан болатын.