Александр Меркель - Иран чемпионатына ауысқан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды

14.09.2024, 18:53

32 жастағы жартылай қорғаушы Александр Меркель ирандық “Нассаджи” клубымен келісімге келді.

Александр Меркель - Иран чемпионатына ауысқан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды

Александр “Нассаджи” ұжымына еркін агент ретінде қосылды. Сонымен қатар Меркель ирандық клубтың қатарын осы маусымда толықтырған алғашқы легионер. Қалған 4 футболшының барлығы жергілікті футболдың түлегі.

32 жастағы жартылай қорғаушы өз мансабында италиялық “Милан”, “Дженоа”, “Удинезе”, “Пиза”, швейцариялық “Грассхоппер”, англиялық “Уотфорд”, нидерландтық “Хераклес”, германиялық Бохум, түркиялық “Газиантеп” және Араб Әмірлігінің “Хатта” командаларында доп тепті. 

Меркель ауысып барған Мазендеран клубы ішкі чемпионатта 3-тур қорытындысы бойынша 14 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

футбол
×