29 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель түркиялық "Газиантеп" клубымен келісім-шартқа отырды.
Келісім-шарт 2023 жылдың жазына дейін жарамды, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
"Газиантеп" Түркия Суперлигасының соңғы маусымын тоғызыншы орында аяқтады.
Меркельдің соңғы бір жыл бойы Сауд Арабияда "Аль-Фейсали" клубында доп тепті (31 матч, 1 гол, 2 нәтижелі пас).
Еске салайық, Александр Меркель Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы. Ол ұлттық құрамаға соңғы рет 2019 жылдың наурызында шақыртылған, содан кейін жартылай қорғаушының төлқұжатына байланысты мәселелер пайда болды.