Александр Москаленко: «Әлі көп жұмыс істеу қажет»

08.02.2022, 19:47
Қазақстан чемпионы кеше ФНЛ клубын жеңе алмады.
Александр Москаленко: «Әлі көп жұмыс істеу қажет»

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Балтикаға» қарсы өткен ойыннан (1:1) соң пікірімен бөлісті:

– Ойын есебі бәрін айғақтап тұр деп айтуға болады. Екі команда да жеңілгісі келмеді. Кездесу басында допқа талас-тартыс көп болды, біз қарсыластардың ойын мәнеріне ыңғайластық. Алыс пастарға иек арта бастадық, ортаңғы шеп шабуылдаушы топқа ілесе алмады. Бірінші тайм ортасына таман допты бақылауда ұстадық. Бірнеше мүмкіндіктер пайда болды, бірақ оларды сәтті іске асыра алмадық. Тактикалық тұрғыдан алғанда бізге әлі де көп жұмыс істеу қажет.

– Бүгін команда өткен ойынға қарағанда жылдамырақ ойнады. Мұны немен байланыстырасыз?

– Бұл біздің ұзақ уақыт үзілістен кейінгі екінші кездесуіміз. Футболшылар ақырындап физикалық жағдайын дұрыстап жатыр. Өткен матчқа қарағанда мобильді қимылдадық деп айтпас едім, шабуыл шебіне шамалы агрессия қостық, сондықтан ойын мәнері басқаша көрініп отыр. Бірақ тағы да қайталаймын, ойын сапасы мен физикалық жағдайды жақсарту үшін өте ауқымды жұмыс күтіп тұр.

– Алекса Аманович бүгін алаңға тағы да шықпады. Неге?

– Амановичтің аздаған жарақаты бар, жақын арада ол қайта оралады деген үміттеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×