Александр Москаленко: «Біз екінші таймда эмоцияларды жеңе білдік»

03.10.2021, 15:17
Қостанайлық клуб екінші таймда мінез көрсете білді.
Александр Москаленко: «Біз екінші таймда эмоцияларды жеңе білдік»

«Тобылдың» бас бапкері өз командасының «Ордабасыға» қарсы ойыны (3:1) туралы пікір білдірді:

- Ең алдымен, командаға және осындай қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ризашылығымды білдіргім келеді.

Ойынға келетін болсақ, бірінші таймда ойыншылар нәтиже үшін ойнады, бірақ қорғаныстағы және шабуылдағы әрекеттеріміз жүйкеге салмақ түсірді.

Екінші таймда біз эмоцияларға төтеп беріп, есепті өзіміз қалағандай өзгерте алдық. Қосымша ойыншылар өздерін жақсы көрсетіп, шабуылдағы мүмкіндіктерді жаңартты. Футбол ойнауға деген ниет пен бар күшін салып ойнау тұрғысынан, ойыншыларға ешқандай шағымым жоқ, команда тырысты және жеңіске жетуге ұмтылды.

«Тобыл» үшін алаңдап, жанкүйер болғандардың бәрін жеңіспен құттықтаймын. Ұлттық құрамаға аттанатын ойыншыларға сәттілік тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×