Александр Москаленко: «Біз көздеген ойынға дейін әлі көп жұмыс жасау керек»

05.04.2022, 15:29
Қостанайлық клуб кеше «Тұранды» еш қиындықсыз жеңді.
Александр Москаленко: «Біз көздеген ойынға дейін әлі көп жұмыс жасау керек»

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Премьер-лиганың төртінші турында түркістандық «Тұранға» (3:0) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

- «Тұран» өте салмақты команда. Кешегі матчқа дейін олар бір ғана гол жіберіп алды. Бүгін олар бізге алаң ортасын бере салды. Бұл кездейсоқ жағдай. Біз кейбір байланыстарды сезіндік және бұл өз нәтижесін берді. Бірақ біз көздеген ойынға дейін әлі көп жұмыс жасау керек екенін айтайын. Проблемалар көп. Біздің команданы немесе олардың командасын бір ойынмен бағалау мүмкін емес. Барлығы өзгеруі мүмкін. «Қызыл-Жармен» қалай ойнағанымызды білесіз. Бұл футбол, оң нәтижеге жетеміз деп ешкім кепілдік бере алмайды.

Роман Асранқұловтың позициясы? Барлығы ойыншыларға байланысты. Бізге кімнің қандай позицияда ойнайтыны маңызды емес. Қазір сол қапталдағы футболшы хавбек ретінде де ойнай алады. Бұған миллиондаған мысал бар. Бізге кімнің ойнайтыны емес, бастысы оның қалай ойнағаны маңызды.

Жарақат алған Серікжан ақырындап жазылып келеді. Алаңға қашан оралатынын айтқым келмейді. Ал Душанға келсек, медицина қызметкерлеріне рахмет. Аз уақытта ойыншыны қалпына келтіріп, ойынға әкелгені үшін алғыс айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×