Александр Москаленко: «Біз қорғаныста жүйелі түрде ойнай алмадық»

23.07.2021, 14:37
«Тобылдың» келесі кезеңге өту мүмкіндігі өте аз.
Александр Москаленко: «Біз қорғаныста жүйелі түрде ойнай алмадық»

«Тобыл» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы маман «Хайдукпен» өткен ойыннан соң пікірімен бөлісті:

– «Хайдук» клубын лайықты жеңісімен құттықтағым келеді. Біз қорғаныста жүйелі түрде ойнай алмадық. Бір жағынан жігіттердің жігер көрсете алмауына жергілікті жанкүйерлердің қолдауы да әсер етуі мүмкін, себебі бірінші минуттан-ақ қобалжу байқалды. Шабуылды бастау кезінде қателіктер жібердік. Мұндай қарсыласқа қарсы ойында қателік жіберуге болмайды.

Қазақстандағы футбол деңгейін Еуропамен салыстыруға келмейтіні рас. Өкінішке орай, бүгінгідей еуропалық үлгідегі ойындар бізде өте аз болады. Мұндай ойын жылдамдығы бар команда біздің чемпионатта өте аз. Қазақстанда басқа, ал Еуропада болмашы жерден қателессең, ондайды кешірмейді.

Ойын нәтижесі екі кездесуден соң белгілі болады. Енді үйге жетіп, матчты саралап, өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×