«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы «Қызыл-Жарға» қарсы өткен алғашқы ойынды қорытындылады:
- Мұндай ойынға пікір айту қиын. Ыстық ауа-райы мен алаңның суарылмауын ескерсек, екі командаға да мұндай жағдайда ойнау қиынға соқты.
Қарсылас қызыл қағаз алмай тұрып біз ойынды бақылап, мүмкіндіктер жасадық. Олар он ойыншымен қалған соң, біз кездесудің нүктесін қоюымыз керек еді, бірақ мачтың соңы біз ойлағандай болмады.
Біз қорытынды жасап, әрі қарай жүруіміз керек.
Жігіттерге рахмет және алдағы ұлттық құрамадағы ойындарына сәттілік тілеймін!
Біздің серіктес: FONBET