Александр Москаленко: «Гол салғымыз келіп, қорғанысты ұмыт қалдырдық»

06.08.2021, 16:24
Қарымта матч 12 тамыз күні Словакияда өтеді.
Александр Москаленко: «Гол салғымыз келіп, қорғанысты ұмыт қалдырдық»

"Тобылдың" бас бапкері Александр Москаленко Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі словакиялық "Жилинамен" болған ойын (0:1) туралы пікір білдірді:

- Бүгін команда неліктен сәтсіздікке ұшырады? Жеңілістің себебі неде?

- Біз гол соға алмадық. Сіз ойынды көрдіңіз - бізде мүмкіндіктер болды. Неліктен доптың қақпаға кірмей қалғанын білмеймін. Демек бұл олардың дұрыс емес нәрсе жасағанын білдіреді. Күштілердің жолы болады.

- Неге ойынның тағдырын өзгерте алмадыңыздар?

- Біз жай ғана гол салғымыз келіп, қорғанысты ұмыт қалдырдық, сондықтан "Жилинада" мүмкіндіктер пайда бола бастады. Егер гол соғылса, ойын өзгерер еді. Жігіттер матч бойы алға қарай жүгірді - еуропалық ойындарда бұлай жасауға болмайды. Біз мұндай ойындарда гол соғуымыз керек. Біз мүмкіндіктер жасадық, бірақ сәтті аяқтай алмадық.

- "Жилина" сізді несімен таң қалдырды?

- Ештеңемен. Біз оны қарап шықтық, олар жаңа ештеңе жасай қоймады. "Жилина" қорғаныста ұйымшылдықпен ойнады және ойыншылары барын салды. Еуропаның өте жақсы дайындалған командасы деп айтсақ болады.

- Қарымта ойын алдындағы мүмкіндіктерді қалай бағалайсыз?

- Біз келесі кезеңге өтуге тырысамыз. Егер тырыспасақ, екінші ойынға барудың қажеті қанша? Бармай-ақ қоюға да болады. Дайындықты жалғастырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×