Александр Москаленко: «Ойын гол соғатын сәттерге толы болды»

29.06.2021, 19:25
«Тобыл» кешегі ойыннан кейін 39 ұпаймен бірінші орында қала берді.
Александр Москаленко: «Ойын гол соғатын сәттерге толы болды»

Қостанайлық "Тобылдың бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Москаленко "Қайратпен" (2:2) өткен ойын туралы пікірімен бөлісті. 

- Бүгін отандық футболдағы үздік командалардың бірімен күш сынастық. Ойын гол соғатын сәттерге толы болды. Осы тұрғыда жеңуіміз де, жол беруіміз де мүмкін екенін айтқым келеді. Кей сәттерде эмоцияға жол беріп қойдық.

Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауы кездесу барысында сезіліп тұрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×