Александр Москаленко: «Ойынға негізгі құрамды шығара алмадық»

22.11.2021, 21:16
Қостанайлық клуб қос матчтың қорытындысы бойынша өз қақпаларына жеті гол өткізіп алды.
Александр Москаленко: «Ойынға негізгі құрамды шығара алмадық»

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Шахтермен» өткен кездесуден (0:2) соң пікірімен бөлісті: 

– Жауапты ойын алдында біз көптеген мәселелерге тап болдық. Сары қағаздардың шамадан тыс болуына байланысты Йованчич, Жарынбетов, Жұмашев алаңға шыға алмады. Көптеген ойыншылар ұлттық құрамадан келді, өкінішке орай, олар жарақат салдарынан бұл матчқа қатыспады. Сонымен қатар кейбір футболшыларда ЖРВИ белгілері болды. Осы жағдайды алып қарасақ, ойынға негізгі құрамның жігіттерін шығару мүмкін болмады. Құрамның ауысуы салдарынан, кей футболшылар өздеріне тән емес позицияларда ойнауға тура келді. Ойынға көптеген өзгерістер енгізу қажет. Біз осы кездесуде өз әлеуетімізді толығымен аша алмадық, соның салдарынан мұндай нәтижеге жетіп отырмыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×