Александр Москаленко: «Ойынның екінші бөлігінде команда мінез көрсетіп, қажетті ұпайға қол жеткіздік»

09.08.2021, 16:57
«Тобыл» келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Александр Москаленко: «Ойынның екінші бөлігінде команда мінез көрсетіп, қажетті ұпайға қол жеткіздік»

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Таразға» қарсы ойыннан соң пікірімен бөлісті:

 – Кубок ойындарында күтпеген нәтижелер тіркеліп жатады. Мұндай жоғары деңгейдегі турнирдің келесі кезеңіне өту үшін тек жеңіске жету керек. Алғашқы 45 минутты біз сүреңсіз өткіздік. Шабуылды ұйымдастыру кезінде мәселелер туындатып алдық. Қорғаныста да, шабуылда да олқылықтар болды. Ойынның екінші бөлігінде команда мінез көрсетіп, қажетті ұпайға қол жеткіздік. Бұл матч артта қалды, енді алдағы сынақтарға дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×