Александр Москаленко: «Тобыл» бір ғана жүлдемен шектелетін клуб емес»

03.03.2022, 17:29
Қостанайлық клуб биыл Чемпиондар лигасында дебют жасайды.
Александр Москаленко: «Тобыл» бір ғана жүлдемен шектелетін клуб емес»

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы үшін болған ойыннан кейін «Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті:

- Бірінші таймда команда дәл біз көргіміз келетіндей футбол ойнады. Бірақ кейінірек өз ойынымыздан алшақтай бастадық, бұл «Қайратқа» гол соғуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қазір көктемгі кезең болғандықтан, қарсылас бізге қарағанда функционалдық тұрғыдан жақсы көрінеді. Ойынды қайта қарап, талдау керек, сондықтан дәл қазір бірдеңе деп айту қиын.

- Зоран Тошичтің ойынына көңіліңіз тола ма?

- Мен көптің алдында кез келген футболшымды қорғаймын, онымен жеке әңгімелескенде ғана бірдеңе айта аламын. Зоранның денсаулығына қатысты мәселелер болды, сондықтан ол қазір бабында емес.

- Сіз Васильевті сол қапталдағы қорғаушы ретінде пайдалана бересіз бе?

- Әр ойынға жеке дайындаламыз. Жігіттермен де сөйлестім, бізге кімнің қандай позицияда ойнағаны маңызды емес, ең бастысы командаға пайдасын тигізсе болды.

- Айбар Жақсылықов Игорь Сергеевпен негізгі құрамдағы орын үшін таласуға дайын ба?

- Егер гол соғатын болса, әрине, оны негізгі құрамнан шығарамыз. Кез келген бапкер нәтиже көрсететін шабуылшыны пайдаланғысы келеді. Қайталап айтамын, бізге кімнің ойнайтыны маңызды емес, ең бастысы команданың жеңісіне үлес қосуы қажет.

- Бұл сіздің «Тобыл» тізгініндегі алғашқы толыққанды маусымыңыз болмақ. Жаңа футбол маусымының басталуы көңіліңізден шықты ма?

- Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовке командаға екі толыққанды оқу-жаттығу жиынын жақсы жағдайда өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. Оның қолдауын ұжым жоғары бағалайды. Маусымға келетін болсақ, қазір трофей үшін қуануымыз керек, ал ертең алға жылжу қажет. Чемпионат өте тартысты өтеді – «Қайрат» бүгін тамаша ойнады, «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер» секілді мықты командалар бар. Сондықтан бір трофейге қанағат ету дұрыс емес. «Тобыл» бір ғана жүлдемен шектелетін клуб емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×