Александр Москаленко «Тобылдың» бас бапкері болып тағайындалды

01.08.2021, 16:57
Москаленко бұған дейін бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеген еді.
Александр Москаленко «Тобылдың» бас бапкері болып тағайындалды

Александр Василийұлы Москаленко «Тобыл» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Еске салайық, маусымның ортасынан бастап Александр Василийұлы бас бапкер Григорий Бабаян қызметінен кеткеннен кейін команданы өз қолына алған еді. Александр Москаленко клубта 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеуде.

Ол жаттықтырушылық мансабын 2011 жылы «Булат АМТ» футбол клубының бас бапкері ретінде бастады. Теміртаулық клубта төрт маусым жұмыс істеген ол «Қайсардың» командасының жаттықтырушылар құрамына енді. Ал 2018 жылдың қаңтарында «Екібастұз» клубын тізгіндеді. Сол жылдың наурыз айында елордалық «Астананың» жаттықтырушылар штабына қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×