Александр Мостовой: “Қайраттың” алдында “Қарабақтың” жарқын үлгісі тұр” Азербайжандардың жолын Қазақтар жалғастыра ала ма?

18.09.2025, 11:00

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой "Қайрат" пен "Спортинг" арасында өтетін матчы жайлы пікір білдірді.

Александр Мостовой: “Қайраттың” алдында “Қарабақтың” жарқын үлгісі тұр” Азербайжандардың жолын Қазақтар жалғастыра ала ма?

"Қайрат” үшін бұл матч нағыз тарихи сәт. Әрине, "Спортингке” қарсы ойнау оңай болмайды, бірақ олардың құрамында шетелдік легионерлер бар, бұл қосымша тәжірибе береді. Үлгі ретінде "Қарабақтың” кеше жасаған сенсациясын алуға болады. Көптеген футболшылар бұл ойынды көрген шығар. Бәлкім, өздері де: "Неге біз де солай жасай алмаймыз? Біз олардан кем емеспіз ғой?" – деп ойлап жүрген болар.”

Мостовойдың айтуынша, "Қайраттың" қолында кішкене болса да мүмкіндік бар:

"Грандтар кейде қарсыласын бағаламауы мүмкін, дәл осы сәтті пайдалану қажет. Егер нәтиже шықпаса да, ешкім "Қайраттың” жігіттерін кінәламайды, олар қазірдің өзінде тарих жазып тастаған.” – деді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×