Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы, қазір "ВсеПроСпорт" сайтының сарапшысы Александр Мостовой алдағы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы ойынға талдау жасады.
Қазақстан мен Уэльс әлем чемпионатының іріктеуінде кездеседі. Бұл ойында тең дәрежелі ойын күтемін, Валлийліктер үшін сырт алаңдағы матч ауыр болмақ. Дегенмен де, аз ғана есеп айырмасымен қонақтар жеңіске жетуі мүмкін.
Уэльс бастапқыда топтағы үздік екі орынға үміткер фавориттердің бірі саналды. Негізгі қарсыласы Бельгия. Бірақ Солтүстік Македония да, Қазақстан да белгілі деңгейде қарсылық көрсете алады. Уэльс іріктеуді үш ойында жеңіліссіз бастады, Қазақстанды – 3:1, Македониямен – 1:1, Лихтенштейнді – 3:0 есебімен ойсыратты.
Алайда төртінші ойында Валлийліктер басты қарсыласы Бельгияға жол берді. Голға бай тартысты матч өтіп, екі команда жеті гол соқты, бірақ жеңіс Бельгиялықтардың еншісінде кетті – 4:3. Қазір жеті ұпаймен Уэльс екінші орында тұр. Бірақ басқа құрамалар әртүрлі матч ойнағандықтан, бұл саты әзірге ештеңені білдірмейді.
Қазақстан үш турдан кейін үш ұпай еншіледі. Бұл өткен жылғы Ұлттар лигасындағы нәтижені ескергенде жаман көрсеткіш емес. Командада көп өзгеріс болды, бас бапкер ауысты. Әлем чемпионаты іріктеуінің екінші матчында қазақстандықтар Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтып, күткен жеңіске жетті.
Бірақ қалған екі кездесуде жеңіліс тапты – 1:3 есебімен Уэльске, 0:1 Солтүстік Македонияға. Әсіресе Македондармен өткен ойында жақсы өнер көрсетті, тең нәтижеге әбден лайық еді, гол соғатын сәттері де көп болды, бірақ сәттілік жетпеді. Үш ұпайымен Қазақстан төртінші орында тұр. Үшінші орында тұрған Бельгиядан бір ұпай ғана артта, ал бір матч артық өткізген Уэльстен төрт ұпайға қалып келеді.
Бұл ойында нағыз тартыс болады деп ойлаймын. Уэльстен ойсырай ұтылу болмайды, Қазақстан сенімді ойнайды. Дегенмен деңгей жағынан Вллийліктер жоғарырақ, олар топтағы қудалаушыларынан айқын алшақтауға жақындап тұр. Бірақ, айтқанымдай, ойын біржақты болмайды, есеп ірі шықпайды.
Болжамым: нақты есеп – 1:2." – деп жазды сарапшы.