Александр Петраков: «Қазақстанды білмеймін, бірақ Украина Катарға барғысы келеді»

01.09.2021, 03:23
Матч ертең 20:00-де басталады.
Александр Петраков: «Қазақстанды білмеймін, бірақ Украина Катарға барғысы келеді»

Украина құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Петраков Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатысты пікір білдірді:

- Кеше Харатин түнде келіп, "Ференцвароштың" басшылығы оны "Легияға" сатқанын айтты. Оның өзі шошып кетті. Таңғы бесте оның ұшуы керек болды. Ол медициналық тексерістен өту үшін Польшаға бара жатыр. Ол бізге Қазақстанмен бооған ойыннан кейін келеді.

- Жақында дене қызуы көтерілген Роман Яремчуктің жағдайы туралы айтып берсеңіз?

- Рома Яремчуктің денсаулығы жақсы, ол бізбен бірге жалпы топта жаттығатын болады. Вакцинадан кейін аздап дене қызуы көтерілді.

- Бапкерлік штабта Андрей Шевченкомен жұмыс жасаған мамандар бар. Сіз онымен қаншалықты тығыз қарым-қатынаста болдыңыз және Қазақстанның қандай мықты жақтарын атап айтар едіңіз?

- Біз Шевченкомен бірнеше рет сөйлестік, жақсы және достық қарым-қатынастамыз. Ал украиналық БАҚ өкілдерінің менің сөздерімді бұрмалап жібергені дұрыс болмады.

Қазақстанға келсек, мен Киевте өткен ойынды көрдім. Мықты және дайындалған команда. Менің ойымша, бұл біз үшін ауыр ойын болады.

- Көктемде өткен бірінші матчтың нәтижесі Қазақстан үшін сенсация болды. Украина бұған риза болмады. Осыған байланысты Украина үшін алдағы матч қандай да бір ерекше сипатқа ие бола ма?

- Украина Катарға барғысы келеді. Қазақстанның Катарға барғысы келе ме, білмеймін, бірақ біз барғымыз келеді. Егер біз сәтсіздікке ұшырасақ, іс жүзінде жарыстан шығамыз.

- Ертеңгі матч жасанды алаңда өтеді.

- Мен өз сөзімді қайталаймын, футбол ойнауды білетін адам кез-келген жерде ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×